Балиде жезөкшелікке қатысты рейд кезінде қазақстандық ұсталды

1 500

Фото: Индонезияның иммиграциялық қызметіИндонезияның Бали аралында жүргізілген рейд кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Қазір оның құжаттары мен ел аумағында болу заңдылығы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат  агенттігі.

Тексеру Умалас ауданындағы виллалардың бірінде жүргізілген. Ресми мәліметте Қазақстан азаматының аты-жөні AS деп көрсетілген. Онымен бірге Ресейдің үш азаматы да ұсталған.

Иммиграциялық қызметтің хабарлауынша, төрт әйелдің де Индонезияда уақытша тұруға рұқсаты болған. Алайда қазақстандық азаматтың нақты қандай заңбұзушылыққа қатысы болуы мүмкін екені әзірге айтылған жоқ.

Умалас, Семиньяк және Чангу аудандарында жүргізілген рейд барысында барлығы 13 шетелдік – 12 әйел мен бір ер адам ұсталған.

Арнайы тексеру шетел азаматтары елде тұруға берілген рұқсаттарды жезөкшелікпен байланысты қызмет үшін пайдалануы мүмкін деген күдікке байланысты жүргізілген. Иммиграциялық қызмет мұндай ақпарат жергілікті тұрғындардың шағымдары мен интернетте жарияланған мәліметтерді тексеру барысында алынғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар ведомство Қазақстан азаматының жезөкшелікпен айналысқанын немесе оған қатысы барын растаған жоқ.

Қазір ұсталған шетелдіктердің барлығына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Нгурах-Рай иммиграциялық басқармасының басшысы Мухамад Новьяндридің айтуынша, оның қорытындысына қарай заң бұзған азаматтарды депортациялау, Индонезияға бес жылға дейін кіруге тыйым салу немесе қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Қазақстан азаматына қатысты әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.