Қызылордада АХАТ бөлімі тірі сәбиді өлі деп тіркеген
Қызылорда облысы Сырдария ауданының тұрғыны перинаталдық орталықта егіз баланы өмірге әкелген. Олардың бірі – ер бала, екіншісі – қыз бала. Алайда қыз бала қайтыс болған. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі егіз балалардың туу туралы акт жазбаларын жасау кезінде акт жазбаларын қате мәліметтермен толтырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпараттық жүйеде ер баланың мәліметтерінде қыз баланың аты-жөні, ал қыз баланың мәліметтерінде ер баланың аты-жөні туралы мәліметтер, сонымен бірге ер баланың қайтыс болғаны туралы жазба шыққан.
Егіз балалардың тууын тіркеу кезінде бөлім тарапынан жіберілген қателіктер заңды күшіне енген сот актілерімен дәлелденген. Осылайша, сот шешімі бойынша ер балаға қайталама туу туралы куәлігі берілген.
Алайда аудандық бөлім бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым берген. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істің мән-жайын зерттеп, бірінші саты сотының шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырмады.