Шығыс Қазақстанда боранда адасып кеткен қойшы құтқарылды
Шығыс Қазақстан облысында қой бағуға шығып адасып кеткен азамат құтқарылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Екі ер адамның бірі үйіне әрең дегенде өзі оралса, екіншісі иен далада қалып қойған.
Бозанбай ауылындағы бір шаруа қожалығының қос жұмысшысы қой бағуға шыққан. Алайда аяз бен боранда екеуі бір-бірінен көз жазып қалып, адасып кеткен. 54 жастағы азамат ақтүтек боранда баспанасына өз бетімен оралса, ал 43 жастағы қойшы адасып, бір күн далада қалып қойған. Қойшы үсіп қалмау үшін от жағып жан баққан. Қазір екеуі де дін аман. Медициналық көмекті қажет етпеген.
Құтқарушылар жақындарынан қоңырау түскен бойда іздеуге шыққан. Жол талғамайтын көліктермен қатар иісшіл иттер де жұмылдырған.







