Рамазан Амантай ішімдікті қою оңай соқпай жатқанын айтты

1 533

Танымал актер, продюсер Рамазан Амантай өзінің зиянды әдеттерінің бірін ашық түрде мойындады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ол ішімдікке әуес болған.

"Өткенге тастап кеткім келетін нәрселердің бірі ішімдік. Ішімдікті жиі ішетінмін, жақында ғана тастадым денсаулығым үшін. Бірақ ішімдіксіз өмірімнің мәні, бояуы кетіп қалды. Бұрын батылдық үшін ішетінмін. Ішімдік ішіп бата алмайтын адамға ішімдегінің бәрін айтып-айтып тастайтынмын. Өзімді баһәдүр сезінетінмін. Ондай тәуелді алқаш емеспін. Бірақ сауықшыл жігітпін", - деді ол.

Желі қолданушылары актерға шынайы болғаны үшін қолдауларын білдірген.

"Шынайы жігіт екен", "Сырадан семірген шығар", "Бәрі жақсы болады", "Депрессияға түскен шығар", - деп жазды оқырмандар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.