Қазақстанда 2026 жылғы тұрғын үй бағалары белгілі болды

1 517

Фото: depositphotos.comҚазақстанда жаңа салынған тұрғын үйлер қымбаттап жатыр. Ал екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы біршама арзандаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 9 маусымда тұрғын үй нарығындағы баға индексін жариялаған.

Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша жаңа пәтерлердің бағасы бір айда 0,2 пайыз өскен (614 019 теңге/шаршы метр), ал жыл басынан бері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9 пайыз артқан.

Мамыр айындағы көрсеткіш бойынша қалаларда жаңа тұрғын үй бағасы:

- Астанада баға бір айда 0,3 пайыз өсіп, 734 534 теңге/шаршы метр болды, ал 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5 пайыз артқан.

- Алматыда бір айда баға өзгермеген (718 362 теңге/шаршы метр), бірақ жыл басынан бері “бірінші нарықтағы” тұрғын үй бағасы 19,8 пайыз қымбаттаған.

- Шымкентте де ұқсас жағдай: бір айда баға өзгермеген (535 036 теңге/шаршы метр), ал жыл басынан бері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайыз өскен.

- Ақтауда бір айда 0,9 пайыз өсім байқалды (467 673 теңге/шаршы метр), ал 2026 жылдың қаңтарынан бері 9,3 пайыз артқан.

- Ақтөбеде жыл басынан бері 19,9 пайыз қымбаттау тіркеліп, шаршы метр бағасы 356 454 теңге болды.

- Атырауда 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларымен салыстырғанда 6 пайыз өсім бар, шаршы метр бағасы — 537 969 теңге.

- Жезқазғанда мамыр айында баға 1 пайыз өсіп (473 151 теңге/шаршы метр), жыл басынан бері 1,2 пайыз артқан.

- Көкшетауда бір айда 0,9 пайыз өсім (362 215 теңге), ал жаңа жылдан бері 6,2 пайыз қымбаттаған.

- Қарағандыда 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайыз өсім бар, шаршы метр бағасы — 414 705 теңге.

- Қонаевта жыл басынан бері 16,2 пайыз қымбаттау тіркеліп, шаршы метр құны 489 488 теңге.

- Қостанайда мамыр айында 1,5 пайыз өсім (442 622 теңге), ал қаңтардан бері 7,7 пайыз артқан.

- Қызылордада мамырда 1,2 пайыз өсім (392 323 теңге) және жыл басынан бері 0,7 пайыз өсім байқалды.

- Оралда баға бір айда 0,5 пайыз өсіп (327 013 теңге/шаршы метр), ал биылғы бес айда 9,6 пайыз артқан.

- Өскеменде тұрғын үй нарығы “тоқыраған”: жыл басынан бері небәрі 0,2 пайыздық өсім бар, шаршы метр бағасы — 530 773 теңге.

- Павлодарда бір айда 1,4 пайыз өсім (493 653 теңге), ал 2026 жылдың бес айында 6,1 пайыз қымбаттаған.

- Петропавлда баға тұрақты — 403 222 теңге/шаршы метр.

- Семейде жыл басынан бері 3,3 пайыз өсім бар, шаршы метр бағасы — 472 920 теңге.

- Талдықорғанда 2026 жылдың қаңтар–мамырында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 пайыз өсім тіркелген, шаршы метр бағасы — 484 558 теңге.

- Таразда жыл басынан бері 5,3 пайыз қымбаттау байқалып, шаршы метр бағасы — 410 275 теңге.

- Түркістанда қаңтардан бері 8 пайыз өсім бар, жаңа пәтерлердің бағасы — 387 697 теңге/шаршы метр.

2026 жылғы мамырайындағы көрсеткіш бойынша екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы

Екінші нарықтағы пәтерлер бір айда 0,6 пайыз арзандаған (626 203 тг/м²), ал жыл басынан бері 12,1 пайыз өскен.

Астанада баға бір айда 0,4 пайыз төмендеп, 725 713 теңге/шаршы метрді құрады, ал 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артқан.

Алматыда бір айда баға 0,6 пайыз “түскен” (742 242 теңге/шаршы метр), бірақ жыл басынан бері “екінші нарықтағы” тұрғын үй бағасы 17,9 пайыз қымбаттаған.

Шымкентте де ұқсас жағдай: бір айда баға 0,7 пайызға төмендеген (462 896 теңге/шаршы метр), ал жыл басынан бері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайызға өскен.

Ақтауда бір айда 1,4 пайыз арзандау тіркелген (354 724 теңге/шаршы метр), ал 2026 жылдың қаңтарынан бері 8,2 пайыз қымбаттаған.

Ақтөбеде бір айда 2,1 пайыз төмендеу байқалды (374 739 теңге), ал жыл басынан бері 12,7 пайыз өскен.

Атырауда бір айда 0,4 пайыз төмендеу (511 203 теңге), ал 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларымен салыстырғанда 5,7 пайыз өсім бар.

Жезқазғанда мамыр айында баға 1,1 пайыз төмендеген (380 665 теңге/шаршы метр), ал жыл басынан бері 1,8 пайыз артқан.

Көкшетауда бір айда 9 пайыз өсім (372 622 теңге), ал жаңа жылдан бері 10 пайыз қымбаттаған.

Қарағандыда бір айда 2,2 пайыз төмендеу (402 123 теңге), ал 2026 жылдың қаңтар–мамырында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайыз өсім бар.

Қонаевта бір айда 1,5 пайыз қысқару (447 902 теңге), ал жыл басынан бері 2,2 пайыз өскен.

Қостанайда мамыр айында 1,2 пайыз төмендеу (432 624 теңге), ал қаңтардан бері 9,3 пайыз өсім бар.

Қызылордада мамырда 0,5 пайыз өсім (342 612 теңге) және жыл басынан бері 7,8 пайыз өсім байқалды.

Оралда баға бір айда 0,7 пайыз өсіп (393 279 теңге/шаршы метр), ал биылғы бес айда 8,2 пайыз артқан.

Өскеменде де ұқсас жағдай: бір айда 0,7 пайыз шамалы өсім (418 787 теңге), ал жыл басынан бері 9,9 пайыз артқан.

Павлодарда бір айда 0,4 пайыз төмендеу (457 223 теңге) және 2026 жылдың бес айында 13,8 пайыз арзандау тіркелген.

Петропавлда баға 2 пайыз төмендеген (424 761 теңге/шаршы метр), ал жыл басынан бері 8,9 пайыз өсім бар.

Семейде бір айда 0,9 пайыз төмендеу (469 580 теңге), ал жыл басынан бері 9,1 пайыз өскен.

Талдықорғанда бір айда 2 пайыз өсім (425 371 теңге), ал 2026 жылдың қаңтар–мамырында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7 пайыз артқан.

Таразда бір айда 0,1 пайыз қымбаттау (352 320 теңге), ал жыл басынан бері 5,1 пайыз өсім бар.

Түркістанда бір айда 0,3 пайыз төмендеу (382 565 теңге), ал жыл басынан бері 12,4 пайыз өскен.

Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының 2026 жылғы мамыр деректеріне сәйкес, Астанада пәтердің квадрат метрі – 655 344 тг (+14,6%) Алматыда 934 979 тг/м² (+27,2%), Шымкентте 514 981 тг/м² (–15,1%), Ақтауда 521 250 тг/м² (–6,7%), Ақтөбе 362 500 тг/м², Қарағандыда 560 929 тг/м².

Пәтер бағасы құрлыс материалдарының бағасының өсуімен тікелей байланысты. Жалпы ел бойынша жалдау бағасы бір айда 0,8% өскен.

Тұрғын үйді жалға алу бағасына келсек, жалпы Қазақстан бойынша ол бір айда айтарлықтай емес — 0,8 пайыз қымбаттаған. Ең көп өсім Қызылордада (6,4 пайыз), Көкшетауда (5,9 пайыз), Қонаевта (4,6 пайыз), Қостанайда (3,2 пайыз), Атырауда (2,9 пайыз), Қарағандыда (2,3 пайыз) және Астанада (1,3 пайыз) байқалды. Ал Шымкентте, Ақтауда, Ақтөбеде және Өскеменде керісінше баға төмендеген. Жыл басынан бері Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы 12% өскен.