Асхат Оразбай Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

1 513

Фото: azh.kzАсхат Оразбай Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Халықаралық Аралды құтқару қорының Президенті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін ол Қазақстанның Ирандағы елшісін қызметінен босатылған еді. 

Айта кетейік, Асхат Оразбай бұл қызметке 2019 жылы тағайындалған. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.