Екібастұзда аш-жалаңаш табылған балалардың неге жүре алмайтыны белгілі болды

753

Павлодар облысындағы отбасылардың бірі қамап кеткен балаларды халық «маугли-балалар» деп атап кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Әбден ашыққан әрі 3-4 жастан асса да аяғын баспаған балалар қазір ауруханада толық қаралып жатыр.

Ең кішісі 3 жасар, қалғаны 4, 5 және 7 жасар балалар, анасының айтуынша, екі жасынан бері жүрмей қалған. Дәрігерлердің пайымынша, балалардың буындары әлсіз, сүйектері ауырады, аяқтарының басы қисайып, табандары да теріс біткен.

"Балалардың бәрінде туа біткен рахит тәрізді ауру бар болуы мүмкін",-дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері.

Сонымен қатар, балалардың іші үрленіп кеткен. Оның себебі, дәгігерлердің айтуынша, кеуде сүйегінің еттері ісінген. Осындай ауруларына қарамастан, балалар мүгедек ретінде тіркелмеген, тұрғылықты жері бойынша да емханаға тіркеуге тұрмаған.

Дәрігерлер балалардың бойында тағы қандай ауру бар болуы мүмкін екенін, олардың дене тұрғысында да, психологиялық тұрғыда да артта қалуына не себеп екенін анықтау үшін уақыт керек дейді. Әзірге балалардың коронавирустан емделіп жатқаны белгілі.