"Пәтерге алдап кіргізген": Павлодарда 16 жастағы жетім қыз зорланған соң 10-қабаттан секіріп кеткен
Белсенді Дина Смаилова Павлодарда 16 жастағы жетім қыздың зорланғанын мәлімдеді. НеМолчи қорының басшысы ұсынған мәліметтерге сәйкес, қыз зорлыққа шыдамай 10-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қыз биіктен құлаған соң тірі қалған, алайда ауыр жарақаттар алған.
Апалы-сіңілілер 2009 жылдан бері бөлек жетімдер үйінде тәрбиеленген. Ал аналары 2010 жылы ата-ана құқығынан айырылған. 2012 жылы көз жұмып, қыздар тұл жетім қалған.
Үлкен әпкесі 2021 жылы тұрмысқа шыққан. Ал сіңілісі қашып кеткен. 16 жасында колледжге түскен соң жастар үйіне орналастырған.
Биіктен құлағаннан кейін қыз ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатқан.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 16 жастағы қызды зорлау дерегіне қатысты күдіктілер ұсталған.
Қаз
Рус






