1 күнде 11 имплант салдырған әйел қайтыс болды

1 511

Фото; PinterestОңтүстік Кореяның Сеул қаласында ауқымды стоматологиялық операциядан кейін көз жұмған 75 жастағы әйелдің өлімі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Анықталған деректер бойынша марқұмға бір күннің ішінде 11 тіс импланты орнатылған, ал қайғылы оқиғаға анестезияның артық мөлшері себеп болған.  

Клиника құжаттарына сәйкес, процедура кезінде оған 1 088 мг анестетик егілген. Алайда салмағы 54 кило болатын науқас үшін ұсынылатын ең жоғары қауіпсіз доза шамамен 378 мг ғана еді. 

Осылайша, әйел кісі шекті мөлшерден үш есе көп дәрі қабылдаған. Бастапқыда клиника бұл 11 имплантты бір мезгілде әдеттегіден әлдеқайда төмен бағамен орнатуды ұсынған. 

Корей стоматологиялық қауымдастығы бұл қайғылы жағдайға дейін-ақ пациенттерді күдікті төмен бағалармен тартатын клиникалардың қауіп-қатері туралы ескерткен болатын. 

Қазіргі уақытта полиция енгізілген препарат дозасының қаншалықты негізді болғанын және науқастың жағдайы нашарлағаннан кейін клиника қызметкерлерінің қалай әрекет еткенін анықтап жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.