БИЫЛ ОБЛЫСТА ЖАҢА СПОРТТЫҚ ОЙЫН АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ
357

Спорттық-ойын алаңдарының Қызылорда қаласында 50-і, аудандарда 30-ы бой көтереді.
Бүгінде игілікті іс Қызылорда қаласынан бастау алды. Жергілікті кәсіпкерлер жаңадан салынатын ойын алаңдарының жер учаскелерін белгіледі. Мәселен, «Корпорация Алем-құрылыс» мекемесі «Бәйтерек» мөлтек ауданы, Бала-мекен елді мекеніндегі ойын алаңының жерін тегістеп, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар аудандар да жүргізілмек.
Межеленген 80 алаңды қыркүйек айында толық пайдалануға беру жоспарлануда.
«Балалар жылы» аясында Қызылорда облысында жыл соңына дейін балаларға арналған тағы 10 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде 6 мектеп, дарынды балаларға арналған 2 орталық, 1 балабақша, 1 Оқушылар үйі мен Өнер мектебі бар. Мұнымен қоса жаңа оқу жылы қарсаңында жергілікті кәсіпкерлер 3 жекеменшік мектепті іске қоспақ. Ал балалар жылындағы ең үлкен сый – Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі Оқушылар сарайын салу туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен келісім жасалды.Бұл зәулім ғимарат Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан жаңа тұрғын ауданда бой көтеретін болады, - делінген ақпаратта.

Жалпы «Балалар жылы» аясында қызылордалық бүлдіршіндерге жан-жақты жағдайлар мен қолдаулар қарқынды көрсетілуде. Соның бірі биылдың өзінде 8 мыңнан астам бала өңірдегі лагерьлерде тынығатын болады.
Еске салайық, өткен жылы 25 ойын алаңы пайдалануға берілді. Нысандар қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына орналастырылды.

Сондай-ақ «Атамекен» балалар ауылының түлектеріне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім гранты табысталып, 45 балаға «Қамбаш» лагеріне жолдама алды, көпбалалы отбасылар үшін облыс орталығынан 50 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
1 маусым бабалар күні қарсаңында орталық стадионда ұйымдастырылған мерекелік шара барысында арнайы санаттағы балалар мен халықаралық олимпиада жүлдегерлері атанған 100 балаға велосипед, 10 ноутбук және «Балдаурен» республикалық лагеріне жолдама үлестірілді.