5 жасар қызды іздеу: әзірге нәтиже жоқ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қостанай облысының Жамбыл ауылында жоғалып кеткен кішкентай Мәдина Ерланқызын іздеу таңға дейін жалғасты, деп хабарлайды Экспресс К.

Кеше кешкілік бүлдіршіннің жүгері алқабында жүргені туралы хабар дүрліккен жұрттың үмітін оятқан. Барлық іздеуші топ куәгер нұсқаған алқапты аралауға кірісті. Тіпті жылу түсіргіш құрылғы да пайдаланылды. 33 және 10 гектарлық екі жүгері танабы, сондай-ақ екі картоп алаңы сүзілген. Әйткенмен түні бойы жүргізілген іздеуден еш нәтиже шықпады. Облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер іс-шара таңның атысымен жалғасын тапқанын айтып отыр.
Қаз
Рус






