Қыз алып қашқан азамат қамауға алынды

1 554

Фото: Ашық дерек көзіШымкент қаласының прокуратурасы қыз алып қашу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Құзырлы органның мәліметінше, биыл 16 қаңтарда Шымкент қалалық полициясының кезекші бөліміне азаматша М.А. қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың алып қашып кеткені туралы арызбен жүгінген. 

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының "Г" есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды. Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жай анықталатын болады. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді. Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында", - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Сондай-ақ прокуратура өкілдері мұндай қылмыс үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.