Елімізде жаңа туған сәбилерге аты - жөнінен бұрын ЖСН беріледі

1 568

Фото: ашық дерек көзіҚазақстанда енді жаңа туған балаға алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін беру ұсынылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл баланың жеке деректерін жоғалту қаупін болдырмау үшін жасалған қадам. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева осылай деді.


«Заң жобасы аясында бірқатар түзету Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Заң жобасы үш блоктан тұрады. Бұл байланыс саласын дамыту, цифрландыруды арттыру және инновацияны қолдау», - деді депутат.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.