Каспий теңізі қызыл түске боялып жатыр
Ақтауда 1-шағынаудандағы Каспий теңізінің жағалауы қызыл түске боялған. Жергілікті тұрғындар дабыл қағып отыр, алайда экологтар ақтаулықтарды сабырға шақырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындар бұл құбылысқа кейбір химиялық төгінділер әсер етуі мүмкін деп топшылады. Ал экологтар бұл қарапайым құбылыс екенін айтып, экология мен адамдарға қауіп төндірмейді деп сендірді.
Экологтар суық мезгілде балдырлар көбейіп, гүлдейтінін айтты, бұл осындай "қорқынышты" жағдай туындауына ықпал етеді екен.
Маңғыстаудың Экология департаменті де теңіз балдырларының әсерінен жаға қызыл түске боялғанын мәлімдеді, бірақ сынамалар алынған.