Жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

1 619

Фото: Sputnik/Тимур Батыршин.Батыс Қазақстан облысында қыз анасын өлтірді деген күдіккке ілінген жасөспірімге қатысты сотқа жіберілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 


Қылмыс 18 қазанда Шыңғырлау ауданында болған. 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Әйел оқиға орнында көз жұмды.


Бұл іс бойынша тергеу сегіз айға созылды. Іс шілдеде ғана сотқа жолданды. Оны қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова қарайды. Сотталушы кәмелетке толмағандықтан сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді. Жасөспірімге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айып тағылды.


Басты сот отырысының күні әлі белгіленген жоқ. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.