Зейнеткер көлігімен 9 жасар қызды қағып кетті
24 сәуір күні Балқашта жаяу жүргіншілер өткелінде тоғыз жасар қызды қағып кетті. Зардап шеккен қыз жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Желіде оқиғаның видеосы тарады. Қыз реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатады. Бір көлік тоқтап, баланы өткізеді, бірақ көрші жолақпен келе жатқан жүргізуші қызды қағып кетеді.
Жол талғамайтын көлікті басқарған 72 жастағы ер адам болып шықты.
Дәрігерлер қыздың мойын сүйегінің сынғанын, бас миының жарақаты мен тістің зақымдануы бар екенін хабарлады. Оған операция жасалады.
: