Атыраудағы газ жарылысы: Екі жас жігіт көз жұмды

334

Атырауда газ қазандығы жарылған кезде қатты күйіп қалған 19 жастағы екі жас жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап. 

Екеуі де II-III дәрежелі күйікпен ауруханаға түскен. Денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сәйкес,  науқастардың бірінің денесін 85-90 процент күйік шалған. Ол 14 қараша күні жансақтау бөлімінде көз жұмған. 
"Екінші науқастың денесінің 90-95 проценті күйіп қалған. Ол да көз жұмды", – дейді дәрігерлер.

Ал 22 жастағы келіншек ауруханада қажетті ем-дом алып жатыр. Оның денесі 25-30 процентке күйген.

Еске сала кетейік, 10 қарашада Атыраудағы 24-ші шағын ауданда орналасқан жекеменшік үйде газ қазандығы жарылған. Артынан алапат өрт басталды. Тілсіз жау 120 шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Екеуін бірден жансақтау бөліміне жатқызған.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.