Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды көлік қағып кетті

420

Фото: pixabay.comАгенттіктің мәліметінше, оқиға орында түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған. Кадрда екі жедел жәрдем көлігі мен көлік кептелісі және көмекке ұмтылған адамдардың абыр-сабыр болып жатқаны көрінеді.
 

Видео авторы шетелдік көлік айналма жолдың маңында бірнеше қызды қағып кеткенін айтады.
 

Жергілікті полиция бұл деректі растаған және жол апаты Талдықорған медициналық колледжінің жанында болғанын хабарлаған. Жол апатына 31 жастағы Daimler Benz жүргізушісі себеп болған.

 "Оқиға салдарынан үш қыз зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші әкімшілік заңға сәйкес жауапқа тартылды", – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ал денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бір қыздың миы шайқалған, ал екі қыз амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген. 

"Бір қыз бас-ми жарақатын алып, мойын сүйегінің сынуына байланысты травматология бөліміне жатқызылды", – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.