Әйел ашық құдыққа құлап, қайғылы жағдайда көз жұмды

2 571

Фото : акимат города Нур-СултанАқтөбе қаласында «Ақтөбе Ажары» тұрғын үй кешенінің маңында Гүлжан Сатаева есімді азаматша ыстық суы бар ашық құдыққа құлап, ауыр күйік алған. Салдарынан ауруханада 11 күннен кейін көз жұмды,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі  "Диапазон" порталына сілтеме жасап.

Туыстары оқиға орнында  қауіпсіздік ережелері сақталмағанын айтып, жауапты компанияны заң алдында жауапқа тартуды талап етуде. Айта кетейік, сол күні құдықта жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, ешқандай қоршау немесе ескерту белгісі болмаған.

Құқық қорғаушылардың ықпалымен қалалық прокуратура істі тоқтату шешімін жойып, тергеуді қайта бастады. Полиция бейнекамера жазбаларын тексеріп, куәгерлерден жауап алуда. Тергеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес шешім қабылданады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.