Мектеп оқушылары мен мұғалімдері жаппай уланып қалды

1 667

Фото: Ашық дерек көзіҚазір прокуратура мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданында мұғалімдер мен оқушылардың жаппай уланғандығы жайында ақпарат тарады. Онда Майлықожа атындағы №9 мектепте жүргізілген әрлеу жұмыстарынан соң, сабаққа келген 100-ден астам оқушы мен 10-ға жуық мұғалім уланып, дәрігерлерге жүгінгені жазылған. 

Ал, аталған жағдайға байланысты ақпарат таратқан Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі мәселе бақылауға алынғандығын мәлімдеді.


«Дүйсенбі күні оқушылар мен мұғалімдер мектепке келгеннен кейін өздерін жайсыз сезініп, мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсеткен. Жедел жәрдем шақырып 29 бала, 10 мұғалімді ауруханаға тексеруге алып барған. Ауруханаға алып кеткен барлық 29 оқушы, 8 мұғалімнің жағдайы бірқалыпты болғаннан кейін, үйлеріне қайтарылды. Қалған 2 ұстаз ауруханада. Оқушылар алдағы 3 күнде қашықтықта білім алатындығы туралы шешім қабылданды. Оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі қатаң бақылауда», - делінген ведомства тарапынан ұсынылған ақпаратта. 

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы бүгін Сарыағаш ауданына арнайы барып, мектеп ұжымымен және ата-аналармен кездесті. Екі жақтың уәждерін тыңдап, мәселенің тұрақты бақылауда болатындығын жеткізді. 

Сондай-ақ, қазір аудандық прокуратура мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне сәйкес, мектеп директорына және жауапты орынбасарларына тиісті шаралар көрілмек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.