АУДАНДА «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

1 368

© Сырдария ауданының әкімдігіБиыл Сырдария өңірінде «Руханият жылы» деп жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Осыған байланысты ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын салтанат сарайы, музей, архив, тәулік бойына жұмыс істейтін кітапханасы бар және жастар, ардагерлер мен аналар бас қосатын «Руханият» орталығының құрылысы жүргізілуде. 

Бүгінде орталықтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталды, кестеге сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев орталықтың жұмыс құрылысының барысымен танысып, құрылысшылармен сұқбаттасты. 

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен салынып жатқан бұл нысан аудан үшін өте маңызды. Зиялы қауым өкілдері мен аудан жастары бас қосатын орталықта рухани азық берер кітапхана, мәдени ошақтар, жас жұбайлар үлкен өмірге қадам басар салтанат сарайы болмақ. Ең бірінші сапаға мән беріп, мерзімінде құрылыс жұмыстарын аяқтауды сұраймыз, — деді Берік Әбдіғаппарұлы. 

Айта кету керек, «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарын «ТЕХОСНАСТКА-РЕМСЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Барлық ұйымдарды бір ғимаратқа біріктіру арқылы бюджет қаржысы үнемделеді. 

Сонымен қатар, ақсақалдар мен жастар бір-бірімен араласып, бірлескен жобаларды жүзеге асырады, жас буын үлкендердің ақылын тыңдап, тәжірибе алмасады.