Үкімет бір ай ішінде Қазақстандағы бүкіл мектептің асханасын тексереді

1 233

kstnews.kzПремьер-министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылында 460 бала астан уланған соң, денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін және Маңғыстау облысының әкімін тыңдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Астан ұшынған 460 оқушы дәрігердің бақылауында, 81 бала ауруханада жатыр. Екі оқушы жансақтау бөлімінде. Оқиға орнына оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері барған.  


«Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүреді. Балалар уланған №8 мектепте тергеу басталған. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.