Ер адам итті өртеп жіберген

1 508

Фото:  КоллажАлматы облысында ер адам бірнеше күн бойы қимылсыз жатқан итті өртеп жіберген,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ол шіріп кетпес үшін өртегенін айтып ақталған. 

Полицияның мліметінше, оқиғаға күдікті анықталып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатқанын айтқан. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікке ілінген ер адамның айтуынша, ит бірнеше күн бойы қимылсыз жатқан және шіри бастаған. Ол ауылдық чат арқылы жануарды алып кету жөнінде өтініш білдірген.

"Ешкім алып кетпеді, сондықтан оны өртеп жібердім", – деді ер адам.

Зооқорғаушы Аида Маматказина өртелген итке қатысты оқиғаны хабарлаған соң, полиция жануарға қатыгездік жасауФото: Желі кадрларынан скрин фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Полиция оның бұл сөздері де тергеу аясында тексеріліп жатқанын хабарлаған. Құқық қорғау органдары тексеру аяқталғаннан кейін барлық қатысы бар адамдардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеген.