Кісі өлтірген павлодарлық 15 жыл бойы Ресейде бой тасалаған
250
Павлодарлық тәртіп сақшылары Ресей ІІМ-нің Алтай өлкесіндегі әріптестерімен бірлесе отырып, адам өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады. Бұл азамат ауыр қылмыс бойынша күдікті деп танылып, ұзақ уақыт іздеуде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары тінту барысында күдіктінің көрші мемлекеттің аумағында болған кезінде өзінің жеке деректерін тегін, атын, әкесінің атын өзгертудің жолын тапқанын да анықтады. Бірақ бұл қулығы да оны жауапкершіліктен құтқара алмады.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Барнаул қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.
"Жедел уәкілдер 2007 жылдың ақпан айында іздеуде жүрген 40 жастағы ер адамның Павлодар қаласындағы Исиналиев көшесі бойындағы түнгі клубтардың бірінің жанында ер адамға оқ атқанын анықтады. Шабуылшы қылмысынан кейін облыстан шығып кеткен. Осы уақыт бойы тәртіп сақшылары оны іздеуді тоқтатқан жоқ", - деп хабарлады ПД.