Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 23 жоба қолға алынды

135

Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 23 жоба қолға алынды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Бүгінде Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қаласы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне 100 пайыз қосылған.  Ал облысқа қарасты 230 елді мекеннің 98,1 пайызы тіршілік нәрін толықтай тұтына алады. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу мақсатында биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша 23 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жобалардың нәтижесінде жыл соңына дейін ауыл тұрғындарының 98,4 пайызы таза ауыз сумен қамтылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олжас Исмалаев мәлімдеді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы жолдауында "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" атты ұлттық жоба аясында қазақстан халқын 100 пайыз сапалы ауызсумен қамту тапсырмасын жүктеген еді. Бүгінгі таңда елімізде 6300-дей ауыл болса, соның 4700-ден астамы ауызсумен қамтамасыз етілген екен.

Өткен жылдың деректеріне сүйенсек, республика халқының 96 пайызы ауызсумен қамтылған екен. Ал ауыл халқының 93 пайызы ғана ауызсумен қамтылған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысында ауызсумен қамту көреткіштері төмендеу. Шамамен, бұл өңірдегі ауыл халқының 75-80 пайызы ауызсумен жабдықталған.

Есесіне, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарындағы қала халқы 100 пайыздай ауызсуға қолжетімді екен. 2025 жылға дейін 1500-ден аса ауылға ауызсу тартылмақ: біреуіне орталықтандырылған су нысаны салынса, енді біріне блок-модульдер салынбақ.

Биыл қазақстан халқын ауызсумен қамту үшін 215 млрд теңге жұмсау жоспарланыпты. Осы жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының 94,7 пайызын, қала халқының 98,5 пайызын ауызсумен қамту көзделген.

Сонымен, ел өңірлерінің ауызсумен қамтылу деңгейі қандай екен, қай өңір қуатты, қай өңір бәсең екен – соны қарастырып көрейік.  

"Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауында алдағы бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес, облыста қолға алынған 23 жобаның 14-і биыл аяқталады деп жоспарлануда. Осының нәтижесінде, 163 шақырым ауыз су, 6 шақырым кәріз желілері, 4 дана су кешені, 12 дана кәріздік насос станциялары жаңартылады және 7 ұңғымаға бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы, Арал ауданы Көктем елді мекенінде, Байқоңыр қаласында, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарына қарасты елді мекендерге ауыз су  желілерін тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде," – деді Олжас Қаласұлы.

Қазіргі таңда қала тұрғындарына барлығы – 105,8 мың текше метр ауыз су берілуде. Оның ішінде 70 ұңғыма арқылы тәулігіне – 54,0 мың текше метр және «Бас тоған» су станциясы арқылы – 53,8 мың текше метр су алынып жатыр. 

"Бүгінде қаламызда салынып жатқан құрылыс нысандарының көбеюіне байланысты 2019 жылдан бастап тұрғындарға берілетін ауыз су жер үсті және жер асты су алу көздерінен беріліп келеді. Яғни, Сырдария өзенінен былтыр – 4,7 млн текше метр су алынса, ал ауыз су ұңғымаларынан – 14,7 млн текше метр су қажеттілікке өтелді. Тұрғындарға беріліп жатқан ауыз су сапасы зертхана мамандарымен күнделікті тексеріледі сондай-ақ, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен қадағаланады. Өздеріңіз білетіндей, жаз мезгілінде тұрғындардың суға деген қажеттілігі артады. Осының әсерінен көпқабатты тұрғын үйлерде ауыз су қысымы төмендеп, тұрғындар тарапынан шағым көбейеді. Сондықтан суды барынша үнемдеп тұтынуға шақырамыз," – деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.

Қызылорда су жүйесі мекемесі орталық ауыз су жүйелеріне қосылған 84 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді.

 Мекеме теңгерімінде 908,07 шақырым ауыз су жүйесі, 105 ұңғыма, 10 дана ІІ-ші су көтеру насос станциялары, 67 бірлік кәріз насос станциялары, 453,24 шақырым кәріз су жүйесі қамтылған. Облыс тұрғындарының сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтылуы біздің басты назарымызда, - деді «Қызылорда су жүйесі» КММ директорының міндетін атқарушы Нұрлан Өтепов.

Нақты кезеңде облыс халқының 98,9 проценті орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Аймақта 234 елді мекен бар. Сол елді мекендердің 85 проценті «Арал-Сарыбұлақ», «Октябрь», «Жиделі» топтық су құбырлары және ішкі су тарату жүйесі бар скважиналар арқылы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Айта кетейік, 10 мыңға жуық халық 35 ауылдық скважина мен құдықтан су ішіп отыр.

Биыл Қазалы ауданы Жанқожа ба¬тыр, Майдакөл елді мекенінде сер¬вистік су желісі, Қармақшы ауданы Төретам кентінде су жүйесінің құ¬рылысы, Бай¬қоңыр қаласының кәріз жүйесін жа¬ңарту, Жаңақорғандағы Төменарық, Сунақ ата, Екпінді ауыл¬дарының су жүйесін жаңарту және кеңейту жұ¬мыстары басталады.

Қызылорда қаласының тұрғын¬дарын ауызсумен Қызылжарма және Қызылорда жерасты су кені арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда тәулігіне 77-79 мың текше метр ауызсу 74 ұңғыма арқылы өндірілуде. Жаз мезгілінде бұл көрсеткіш 95-100 мың текше метрге дейін ұлғаяды.