ІІМ Kyzdar.net сайтының әлі күнге дейін не себепті жұмыс жасап тұрғанын түсіндіре алмады

1 723

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов Kyzdar.net сайтына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ержан Сәденов интернет-ресурстарды, оның ішінде Kyzdar.net секілдісін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. 


«Шымкентте және басқа қалаларда осындай фактілер анықталды, ал қазір осы қылмысқа қатысты адамдар тобы жауапқа тартылуда. Сайт бұғатталған», - деді ол.


Алайда вице-министрге журналистер аталған сайттың әлі де жұмыс істеп тұрғанын шуласа жеткізді.


«Бірін бұғаттасақ, бірі пайда болады. Сайт анықталған кезде біз фактіні де анықтаймыз, ал бұғатталған сайттың мекен-жайы сақталуы мүмкін емес», - деп жауап берді вице-министр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.