ЭКС МЕКТЕП ДИРЕКТОР: Қабылданған 30 адамды басшылар жіберген...

4 583

Қызылорда қаласындағы білім бөлімінде шикіліктер орын алуда, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Жуырда Қызылорда қаласының прокуратурасы қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Бодановты қызметін асыра пайдаланып, 5 қызметкерді конкурссыз білім беру ұйымдарына педагог ретінде жібергені анықталған. Ал тәуелсіз журналист №282 мектеп директоры зерделеу тобының анықтаған кемшіліктері негізінде мектеп директорын қызметінен босатқаны жайында жазды.


«Естуім бойынша кадрды оңды-солды алып, конкурссыз 40 тан астам мұғалімді қабылдаған. Тіпті техничка болып кіріп, мұғалім болып кеткендер бар екен дейді-міс. Кадр алудың түрлі қитұрқылығы жасалған сияқты?

Оның үстіне бұл мектептің лицей санаты бар. Педқұрамның қателеспесем 40 пайызы зерттеуші, шебер болуы керек. Техничка мен лаборанттарды топырлатқасын сол пайызға жетпеген сыңайлы?

Жуырда жоғары сынып оқушысы бастауыш сынып оқушысын зорлады деп қылмыстық іс қозғалғаны тағы белгілі. Сол көп себеп директорды да қозғап жіберген-ау?

Менің білгім келгені конкурссыз осынша кадр алу сыбайластыққа күдіктелмей ме? Анықталған кемшіліктерге қарамастан ол директор дым болмағандай жұмыстан босай бере ме? Жұмысқа заңсыз орналасқандардың жағдайы не болады? Жауапкершілігі қаралуы, құқықтық баға берілуі тиіс емес пе?», - деп жазды Үйтолған Жареке.


Жасыратыны жоқ жыл басталмай жатып, білім бөлімінде біраз кемшіліктер орын алды. Оның ішінде мектеп ішіндегі төбелес пен оқушылардың бір-біріне көрсеткен зорлық-зомбылығына дейін бар. Алайда білім бөлімінде шикіліктер орын алып отырып, заң бұзушылық жасаған мекеменің тексеріс жүргізуі күмән тудырары хақ. 


«Аталған мектепте ішкі зерделеуді Қалалық білім бөлімі жүргізген. Зерделеу нәтижесімен мектеп басшысы қызметінен босатылған.», - деп жазды Сапаны қамтамасыз ету Департаменті басшысы Ғалия Даулетова.


Алайда мектеп басшысы өз тарапынан тексеріс жүру барысында денсаулығыма байланысты қызметте болмағанын алға тартуда.