Қызылордада кене ошағы есебіндегі 111 елді мекен залалсыздандырылды

1 690

Фото: Өңірлік коммуникация қызметіҚызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы өткен жылғы жұмысын қорытындылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

"Су басу қаупі бар аймақтарға арнайы техника, күш-құралдары бар жауапты мекемелер бекітілді. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор қажетті көлемде жиналып, ықтимал су тасқыны кезеңінде халықты көшіру пункттері дайындыққа келтірілді.", — деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев. 


Басқарма жұмысындағы тағы бір бағыт — кенемен күрес. Бұл жәндік конго-қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғышы екені белгілі. Өткен жылы 111 елді мекен кене ошағы есебінде тізімге енген. Ондағы мал және қора, суат-шаңлақтар көктем мен күзде заласыздандырылды.

"2021-2025 жылдар аралығында 124 елді мекенде бірыңғай басқару пульті бар 167 сиреналық-сөйлеу құрылғысын және 1 цифрлық телеарналарға қосылу құрылғысын орнату жұмысы жүргізілді. Бұл іс-шаралар Қызылорда облысының басқару органдары мен халықты кешенді құлақтандыру жүйесін құру жобасы аясында атқарылды.", — деді басқарма басшысы.