Елімізде интернет арқылы Қытайдан тапсырыс берген тауарларды жеткізуге арнайы пойыз іске қосылмақ

1 152
Қытайдан интернет арқылы сатып алынған тауарларды елге жеткізуге арналған транзиттік пойызы іске қосылмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы ақпаратты “Қазақстан Темір жолы” АҚ ресми сайтында жариялады. Транзиттік шаттл-пойызы Қазақстан арқылы үш мемлекетке қатынайды. Болашақта жүк көлемі артса жеткізу мерзімінің де жиілігі ұлғаймақ. 

Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады, - делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар, жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрамақ. Ал тұрақты қызмет көрсету жиілігі апта сайын ұйымдастырылады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.