Бірнеше рет тоналған қабірге камера орнатқан: Ұрылар камераныда ұрлап кеткен
Қостанай өңіріндегі зиратта Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан көз жұмған Салимат Джутаеваның қабіріне қатысты ұрлық деректері тіркелді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Туыстарының мәліметінше, алдымен гүлдер мен бұталар ұрланып, кейін мәрмәр орындықты алып кету әрекеті жасалған.
Осы жағдайлардан соң марқұмның жақындары өз қаражатына бейнебақылау камерасын қойғанымен, белгісіз біреулер оны тіреуішімен бірге жұлып әкеткен. Қазіргі уақытта Қостанай облысының полициясы ұрлыққа ықтимал қатысы бар тұлғаны анықтап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Марқұмның анасы Ұлтуған Джутаева аумақта қоршау мен қорғаныстың жоқтығын айтып, кінәлінің әрекетінің себебін білгісі келетінін жеткізді. Отбасы зират аумағына бақылау орнатып, күзет қоюды, сондай-ақ тиісті органдар тарапынан нақты шаралар қабылдануын сұрап отыр.
Қаз
Рус






