Қызылордада медицина колледжінің студенттері тәжірибе сабағына наразы

514
Қызылорда қаласындағы  медицина колледжінің студенттері емхананада тәжірибеден өтуге мүмкіндік жоқ екендігін атап өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласының медицина колледж студенттері тарапынан наразылық туды. Бұл жөнінде Instagram желісінде
Kritikakyzylordy  парақшасында қызу талқыға түсті.

Оқу орнымыздан №4 емханаға жолданған практиканттармыз. Бізге ешнәрсе үйретіп жатқан жоқ. Емхананың іші өте тар, киім ауыстыратын бөлме жоқ. Қай кабинетке кірсең де бізге приактикант керек емес деп шығарып салуда. Ал, практика өтілмесе бағалары қойылмайды. Практикант керек болмаса неге келісім-шарт жасалған,- делінген. 


Ең қызығы аталмыш жазбаға түрлі пікір ішінде мәтіні бірдей жазылған мақтаушы студенттер мен пікір білдірушілерді аңғаруға болады.





Енді бір пікір білдірушілер:
«Қазіргі жастар жарайсыңдар! Талап қойып, ізденімпаздық танытып жатыр» «Бәріміздің басымыздан өтті. Дұрыс шындықты айтатын адам барына қуандым!» ,- деген пікірлеп қалдырған.

Алайда емхана тарапынан ешқандай кері байланыс жазылмағандығын байқауға болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.