Жүктілік жайлы жалған анықтама жасаған келіншек қамалды

1 602

Фото: shutterstock.comШығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданының прокуратурасы жүктілік жайлы жалған анықтама жасау және оны қолдану фактісін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аудандық ауруханада гинеколог дәрігердің қасында фельдшер болып жұмыс істеген келіншек өзінің жүктілігі туралы анықтама жасап алып, оны әкімшілік қамаудан құтылу үшін сотта пайдаланған.


«Бірінші инстанциядағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініш хатының негізінде өзгертіліп, К. есімді азаматша 20 тәулікке қамалды»-делінген прокуратура хабарламасында.  


8 тамызда сот келіншекті кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.