Бірнеше рет тоналған қабірге камера орнатқан: Ұрылар камераныда ұрлап кеткен

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚостанай өңіріндегі зиратта Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан көз жұмған Салимат Джутаеваның қабіріне қатысты ұрлық деректері тіркелді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Туыстарының мәліметінше, алдымен гүлдер мен бұталар ұрланып, кейін мәрмәр орындықты алып кету әрекеті жасалған.

Осы жағдайлардан соң марқұмның жақындары өз қаражатына бейнебақылау камерасын қойғанымен, белгісіз біреулер оны тіреуішімен бірге жұлып әкеткен. Қазіргі уақытта Қостанай облысының полициясы ұрлыққа ықтимал қатысы бар тұлғаны анықтап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Марқұмның анасы Ұлтуған Джутаева аумақта қоршау мен қорғаныстың жоқтығын айтып, кінәлінің әрекетінің себебін білгісі келетінін жеткізді. Отбасы зират аумағына бақылау орнатып, күзет қоюды, сондай-ақ тиісті органдар тарапынан нақты шаралар қабылдануын сұрап отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.