9 адамды алдап кеткен алаяқтар ұсталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Павлодар облысында жедел-іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде интернет-алаяқтықтың бірқатар дерегін жасады деген күдікке ілінген адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Топ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге бағытталған келісілген схема бойынша әрекет еткен.
– Полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Бүгінде тергеу барысында тоғыз жәбірленуші анықталды, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңгені құрайды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Бұл ретте құқық қорғау органдары қылмыс эпизодтары мен жәбірленушілер санының артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Қазір болған оқиғаның толық мән-жайын, күдіктілердің әрқайсысының рөлін, сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция цифрлық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ осындай схемаларды ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмысты жалғастырады.
Қаз
Рус






