18 жастағы жігіт әпкесін "әлеуметтік желіге фото жариялағаны үшін" өлтірген

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: stan.kzӘзірбайжан астанасы Баку қаласында 23 жастағы суретші Гуляра Мехдиева інісінің қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қызды өлтірді деген күдікпен 18 жастағы Айхан Мехдиев ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға әлеуметтік желідегі суреттерге қатысты жанжалдан кейін болған.

Қылмыс 16 қараша күні шамамен сағат 14:30-да Бакудің Бинагади ауданы, 9-шағынауданындағы Гамза Бабашов көшесінде орналасқан тұрғын үйде болған. Оқиға кезінде пәтерде ата-анасы болмаған, үйде тек балалар қалған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Айхан сабақтан оралғаннан кейін әпкесімен әлеуметтік желідегі белсенділігіне байланысты сөзге келген. Ол Гуляраның әлеуметтік желідегі ашық фотосуреттерін көріп, суреттердің астына бейтаныс жігіттердің пікір қалдырғанына ашуланған. Осыдан кейін әпкесінен суреттерді дереу өшіруді талап еткен.

Алайда Гуляра оның талабын орындаудан бас тартқан. Салдарынан жанжал ушығып, Айхан әпкесіне пышақпен шабуыл жасаған. Алдын ала ақпарат бойынша, ол қыздың жүрек тұсы мен мойнына үш рет пышақ сұққан.

Қыздың айқайын естіген көршілері көмекке келіп, жедел жәрдем шақырған. Гуляра ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Күдікті туралы не белгілі?

Айхан мен Гуляраның әкелері бір, аналары бөлек. Екеуі бір үйде тұрған. Полиция күдіктіні қылмыс орнынан ізін суытпай ұстаған. Алғашқы жауап алу кезінде Айхан қылмысты қызғаныштан жасағанын айтқан.

Әзербайжандық БАҚ-тың жазуынша, Айхан Мехдиев Әзербайжан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясының денсаулық және менеджмент факультетінде оқиды. Ол – екінші курс студенті. Оқиға болған күні таңертең сабаққа қатысып, кейін үйіне оралған.

Отбасы туралы деректер

Гуляра 2003 жылы дүниеге келген. Ол үш жасқа толғанда, 2006 жылы анасы отбасынан кетіп, қыз әкесінің тәрбиесінде қалған. 2007 жылы әкесі Аға Мехдиев екінші рет үйленген. Осы некеден төрт бала дүниеге келген. Айхан – екінші некедегі тұңғыш бала.

Отбасындағы кенже баланың ауыр науқас екені және төсекке таңылғаны да хабарланды. Әкесінің екінші әйелі Гуляраны өз қызындай қабылдап, бес баланы бірге тәрбиелеген.

Гуляра Мехдиева сурет салумен айналысқан. Оның өліміне қатысты Бинагади аудандық прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.