63 жастағы қалыңдық желі қолданушыларын сүйсінтті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Әлеуметтік желіде лағыл тойын атап өткен “жас жұбайлар” көпшілікті таңғалдырды. Видео 1 миллионнан астам қаралым жинаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бейнежазба авторының айтуынша, бір кездері анасының той көйлегін киюге мүмкіндігі болмаған. Анасының бұл арманын лағыл тойының қарсаңында орындау бұйырыпты.
Қалыңдықтан бөлек шыттай болып киінген күйеу жігіт те назардан тыс қалмады. Желі қолданушылары ата-анасының арманын орындаған келіншектің де, сұлу қалыңдықтың да мақтауын асырып, ерлі-зайыптыға бақытты да, баянды ғұмыр тіледі.
Қаз
Рус






