Күнде энергетикалық сусын ішкен қазақстандық бойжеткен ауруханадан бір-ақ шықты

375

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Желіде энергетикалық сусынға тәуелді болғанын айтып берген 18 жастағы қазақстандық бойжеткеннің видеосы жұртты шошытты. Сусынды күнде ішкен қыздың үстін бөртпе қаптап, жүрегіне зиян келіп, ауруханадан бір-ақ шыққан,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бойжеткен басынан өткен оқиғасын TikTok желісінде жариялаған. Бейнежазба 1,6 миллионнан астам қаралым жинаған.


Бойжеткеннің айтуынша, ол энергетикалық сусындарды күнде ішкен. Басында бір бөтелке, кейін үш төртеуден іше бастаған.


"Адамдардың энергетикалық сусындардан өліп жатқаны туралы жаңалықтарды оқысам да  бұған сенбедім. Өйткені өзімді жақсы сезіндім", - деді ол.


Сусынды жиі қолданудың нәтижесінде қыздың денсаулығы күрт нашарлаған.


Бір күні әдеттегідей энергетикалық сусын ішкеннен кейін оның қызуы көтеріліп, денесінде бөртпе пайда бола бастаған. Бойжеткен дереу қалалық ауруханаға жеткізілді. Сараптамалар  энергетикалық сусындар оның жүрегіне зиян келтіргенін, сонымен қатар аллергиялық реакция тудырғанын көрсеткен.


Бейнебаян авторы энергетикалық сусындарды қолданудың зияны туралы ескертіп, денсаулықтарын күтуге кеңес берді. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.