Сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1 572

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Pixabay.comАлматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қалалық департаменті мен Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірлесіп, жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін анықтады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл топ бірнеше жыл бойы әрекет етіп келген. Күдіктілер әлеуметтік осал топтағы әйелдерден, оның ішінде шетел азаматтарынан туған нәрестелерді заңсыз жолмен алып, оларды сатып отырған.

"Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сату әрекеті тоқтатылды. Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Сәби тиісті мекемеге орналастырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ елдің басқа өңірлерінде осыған ұқсас деректердің болуы мүмкіндігі де тексеріліп жатыр", - деп хабарлады полициядан.






OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.