Шымкент әкімдігі ауған босқындарын қабылдауға дайындық туралы ақпаратқа жауап берді

339
Шымкент қаласының әкімдігі БАҚ беттерінде жарияланған Ауғанстаннан келген босқындарды қабылдау үшін мегаполисте орын дайындалып жатыр деген ақпаратқа жауап берді. 

Мұндай ақпарат Vera.kz порталында жарияланған. Материалда Шымкентте ауғанстандық босқындарды қабылдауға дайындық жүрізіліп жатқаны, оларды екі ғимаратқа орналастыру жоспарланып отырғаны көрсетілген.

"Олардың бірінде (бұрынғы студенттік жатақхана) бірнеше жыл бойы Шымкентке келген оралмандарды орналастырған. Екінші ғимарат Тоғыс елдімекеніндегі №120 мектепте, онда бұрын домбыра, фортепиано, қобызда ойнауды үйренгісі келетіндер үшін эстетикалық мектеп болған. Екі ғимаратта да 300 жатын орыннан дайындалуда", - делінген материалда.

Осы ретте Шымкент қаласының әкімдігі ақпаратқа жауап берді. Ведомствоның баспасөз қызметі ауғанстандық босқындарды қабылдау туралы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.