Қызылордада 4000 балаға 1200 орындық мектеп
652
Қызылордада 1200 орындық мектепте 4000 нан астам бала білім алуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Облыс орталығында жүз жылдан асқан тарихы бар «Мұрагер» мектебінде оқушы саны үш есе көп. Ал қала және облыс әкімдігі мектептің мәселесін әлі күнге дейін шеше алмай әлек. Бұл мәселе Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Қызылорда қаласының тұрғындарының кездесуінде көтерілген болатын.
Дәл осындай жағдай № 6 мектепте де орын алып отыр. Соңғы жылдары мектеп айналасындағы ықшам аудандарда халық санының артуына байланысты әр оқу жылында кемінде 20-ға жуық бала бірінші сыныпқа қабылдануда. Алайда бір мектепте бірінші сынып кемінде 2 немесе 3 сынып болып ашылатындығы да жасырын емес.
Ал, қала халқының тарихы тереңде жатқан білім ошағына бірінші сыныпқа, тіпті жоғары сыныпқа баласын беруге асығатындардың саны да жетерлік. 1919 жылы іргетасы қалынған мектеп, 1969 жылы мектепте ағылшын тілін тереңдете оқыту қолға алынған. Ал, 2007 жылы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен мектепке «Мұрагер» атауы берілген болатын. Десек те, «Мұрагер» мектебі бүгінде Түркістан көшесінің бойынан 1200 орынды жаңа мектеп болып бой көтергені баршаға мәлім. Өкініштісі жаңадан салынған мектепте тиісті білім алуы керек бала саны 3 есе артып отыр. 4000-ға жуық білім алатын балаларға мектеп тарлық ететіндігі тағы бар. Ал, үстіміздегі оқу жылында 1 бірінші сыныпқа келуші балалардың саны да едәуір көп екендігі де белгілі болған.
Алайда, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қала халқымен кездесуінде облыс орталығы мен аудандарда жекеменшік мектептер салу қажеттілігін сөз еткен болатын.
Сондай-ақ ол биыл Қызылорда облысындағы қызмет ету мерзімі 30 жылдан астам алты мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтетінін айтты. Ал олар облыстың елді мекендерінде 4350 орындық 9 мектептің құрылысын аяқтамақ.

«Қызылордадағы 1200 орынға есептелген «Мұрагер» мектебінде төрт мыңға жуық бала білім алуда,» - деді облыс әкімі.
Дәл осындай жағдай № 6 мектепте де орын алып отыр. Соңғы жылдары мектеп айналасындағы ықшам аудандарда халық санының артуына байланысты әр оқу жылында кемінде 20-ға жуық бала бірінші сыныпқа қабылдануда. Алайда бір мектепте бірінші сынып кемінде 2 немесе 3 сынып болып ашылатындығы да жасырын емес.
Ал, қала халқының тарихы тереңде жатқан білім ошағына бірінші сыныпқа, тіпті жоғары сыныпқа баласын беруге асығатындардың саны да жетерлік. 1919 жылы іргетасы қалынған мектеп, 1969 жылы мектепте ағылшын тілін тереңдете оқыту қолға алынған. Ал, 2007 жылы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен мектепке «Мұрагер» атауы берілген болатын. Десек те, «Мұрагер» мектебі бүгінде Түркістан көшесінің бойынан 1200 орынды жаңа мектеп болып бой көтергені баршаға мәлім. Өкініштісі жаңадан салынған мектепте тиісті білім алуы керек бала саны 3 есе артып отыр. 4000-ға жуық білім алатын балаларға мектеп тарлық ететіндігі тағы бар. Ал, үстіміздегі оқу жылында 1 бірінші сыныпқа келуші балалардың саны да едәуір көп екендігі де белгілі болған.
«Менің ұлым осы мектепте білім алуда. Ең бастысы білімі терең, баламен жұмыс жасауды жетік білетін мұғалімдер бар. Мен өзім қуаныштымын осындай мектепке бергенім үшін. Қаланың бір бөлігінен қатынасақ та, өкінбейміз. Мектеп тар болса да білімі терең»- деді Дина Жанейіт.