Кәсіпкерлікпен айналысқан әкімнің орынбасарына айыппұл салынды

2 360

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамұрайт Шәменов Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Ағымдағы жылдың басынан бері департамент 30 әкімшілік хаттама жасады. Олардың қаралу қорытындысы бойынша бюджетке 10 млн теңге көлемінде айыппұл төленді», - деді департамент басшысы Шамұрайт Шәменов.


Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қолданыстағы шектеулер туралы біле тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 154-бабының (Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысуы) талаптарын бұза отырып, жүзеге асырған. Сондықтан оған 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.