Қызылордалық блогер жедел жәрдемге бір уақытта 1500-ден артық қоңырау түскенін айтты
1 566
Қызылорда облысының блогері Медет TikTok желісінде көпшілік балалардың температурасы көтеріліп, жедел жәрдем қызметінің кей жағдайда үлгермей жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Көріп тұрғандарыңыздай, жедел жәрдем үлгермей жатыр. Қоңырау қырғын. Екі сағат хабарлассақ, «тағы күте тұрыңыз» деп жатыр. Қоңыраудың көпшілігіне байланысты екен. 1500-нан астам қоңырау келіп түскен. Оның барлығына қызмет көрсету қиын, ешкімді кінәламаймыз. 4 күннен бері балам ауырып, ем-домын жасадық. Жедел жәрдемді күтпей, ауруханаға өзіміз апара жатырмыз. Ең бастысы өкпесін түсіріп алу керек болып тұр. Ауа райы бірде ысиды, бірде жылиды. Көп адамдар жеңіл шығып кетіп жатыр. Біраз адамдар ауырып жатыр екен. Сондықтан жылы жүрейік, алданып қалмайық. Кішкентайларымыз аман болсын», — деді блогер.
Медет тұрғындарды балаларға ерекше көңіл бөлуге, жылы киіндіруге және денсаулығын бақылауға шақырды.







