Қарамағындағыларға күн көрсетпейтін полиция басшысы қызметінен қуылды

300
Түркістан облысында қоластындағыларға әлімжеттік көрсеткен полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Әлеуметтік желіде кеңінен талқыланған полицейдің әрекетіне қатысты шешім қабылданды. Қызмет бабында шорти, майкамен келе жатқан ол алдынан шыққан формадағы қызметкердің бірін қолымен нұқып жіберген.

Кейіннен Түркістан облысы полиция департаменті этиканы сақтамаған Қазығұрт аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасарына қатысты тексеру басталғанын мәлімдеген болатын. Заң аясында жүргізілген комиссия отырысының қорытындысы бойынша бейнежазбадағы басшының орынбасары қызметтен босатылды. Сонымен қатар қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" 362- бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов мәлімдеді.


Әлеуметтік желіде желдей ескен полицейдің іс-әрекеті жайлы жазбалар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын баршаңызға жеткізген едім. Сол шаралардың бастамасымен бөлісуді жөн деп отырмын. Себебі нақты қолданылып жатқан жұмыстардан сіздердің хабардар болуларыңыз, полицияның ашықтығын білдіреді, - деді полиция генерал-майоры.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.