Балабақшада бүлдіршінді қатарласы соққыға жыққан
Алматының №47 бөбекжайында күндізгі ұйқы кезінде әлі тілі шықпаған кішкентай қызды екінші балақай жарты сағат бойы ұрған. Аталмыш оқиғаға қатысты полиция тексеріс жүргізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қыздың анасы жарты сағат бойы балалардың қараусыз қалғанын, бөлмеге балабақша қызметкерлерінің кірмегенін айтып, шағымданды.
Алматының білім басқармасы мониторинг тобы құрылғанын хабарлады.
Полиция департаменті балабақшадағы бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, тексеру жүргізуде.
:
Қаз
Рус






