АЙМАҒЫМЫЗДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУЫРТПАЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТУ БАҒЫТЫНДА АДВОКАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ӨТКІЗIЛДI

1 788

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «BASTAU» бизнес орталығында «Қазақстанда ТБ тоқтатамыз» Ұлттық серіктестігін дамыту және Қызылорда облысында туберкулез ауыртпалығын төмендетуге азаматтық қоғамды тартуды күшейту жөніндегі адвокациялық кеңес өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кеңес облыс әкімінің орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы, аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлының қатысуымен өтті. 


Адвокациялық кеңесте Қызылорда облысы бойынша 2023 жылы туберкулездің жалпы эпидемиологиялық көрсеткіштеріне шолу жасалынды, сондай-ақ денсаулық сақтау проблемасы ретінде Туберкулезді жоюдағы Туберкулез /АИТВ бойынша үкіметтік емес ұйымдардың, Стоп Туберкулез Ұлттық әріптестігін дамуына жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу бойынша шешім қабылданып, туберкулез індетін өңірімізде төмендету мақсатындағы пiкiрлер қолдау тапты. 


Шара соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы аталған іс-шараның кездесуі аясында туберкулез саласындағы үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу бойынша шешім қабылданып, туберкулез індетін өңірімізде төмендету мақсатында жұмыс жасалатынын айтып өтті.


Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау проблемасы ретінде туберкулездi жоюдағы адвокаттық кездесудің өткізілуіне септігін тигізіп отырған  Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы мен Жаһандық қорға алғыс айтамыз.