Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үй бағасы 20-30%-ға қымбаттамақ
414
Риелторлар жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуін болжауда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Алайда жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бұл барлық адам үшін жалға алу құнының көтерілуіне себеп болады деп санайды. Кейбір қазақстандықтарға жер үйді жалға алу кезінде соманың тек жартысын ғана төлеуге тура келеді. Бұл кезекте тұрған көп балалы отбасылар санатынан, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан әлі жеке тұрғын үй алмағандарға қатысты.“Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік осал топтар арасында 16 мыңнан астам адам тұр. Қазақстан бойынша шамамен 50 миллиард сомаға 70 мың адам белгіленіп отыр”, – деді Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Жұлдыз Ордабекова.
Бағдарламаға табысы соңғы жарты жылда отбасының әрбір мүшесіне 36 мың теңгеден аспаған қазақстандықтар түседі. Олар тұрғын үй кезегінде тұруы керек және қолында құқықтық кадастрда тіркелген жалдау шарты болуы керек. Мемлекеттік қолдау біріне пайдалы болса, екіншісіне зияны тиюуі мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, жалға берілетін тұрғын үй 20, тіпті 30%-ға қымбаттайды.
”Олар осы жағдайды сақтауға тырысады, жалға берушілермен келісіп, нарықтағы бағаны қолдан жасайды”, – дейді сату бөлімінің менеджері Нұрдәулет Бекбосынов.
Спекулянттармен мемлекет қалай күресетіні әзірге белгісіз, бірақ "Отбасы банк" тұрғын үйді жалға алу үшін төлемдердің операторы болады деп болжануда. Қазақстандықтар сонда өтініш беру алады.