Қызылордада «Аshyq» жобасына қосылған мекемелер 362 рет заң бұзған

301
Қызылорда облысында 2808 нысан «Аshyq» жобасына қосылған. Онда 362 карантин талабын бұзу жағдайы тіркелді.

Өңірде бүгінде «Аshyq» жобасына қатысушы мекемелер саны артып келеді. Дегенмен бұл орындарда тұрғындар тарапынан карантин талабын бұзу жағдайы жиі тіркелуде. Облыс көлемінде 2808 нысан «Аshyq» жобасына қосылған. Онда 362 карантин талабын бұзу жағдайы тіркелді. Оның ішінде «қызыл» статусы бар 163 адам анықталса, «сары» статустағы 199 адам белгілі болды. «Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған «қызыл» мәртебедегі тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес, әкімшілік айыппұл салынды. Ал «сары» мәртебедегі карантин режимін бұзушыларға жеке қаулылар шығарылды. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар қоғамдық тамақтану орындарына, әуежай мен теміржол вокзалына, халыққа қызмет көрсету орындарына кіру кезінде анықталған», - деді Қызылорда облысы Санитарлық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанақаева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.