Ер адам сот залында тамырын кескен

1 576

gov.kz31 мамырда таңғы уақытта облыстық сот залында 40 жастағы ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (Алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі көлік құралын басқару) бойынша сот шешімін естіген соң қағаз кесетін пышақпен тамырын кескен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Ақ жайық» басылымына сілтеме жасап.


Белгілі болғандай, қала тұрғынының 36 жастағы әйелі ажырасу барысында күйеуінің үстінен арыз берген. Ол Қылмыстық кодекстің 389-бабымен (Өзінше билік ету) сотталды. Әдетте бұл бап бойынша сотталғандар айыппұл төлеумен, түзеу жұмыстарын атқарумен немесе қамауға алумен жазаланады.


Сот залында ер адам шаршағанын айтып, өз-өзіне қол салғысы келген.


"Мен шаршадым, қайта-қайта қамап жатыр. Менің шыққаныма бір жарым ай болды. Әділетсіздік жоқ, мен өзімді өлтіремін", – деді ол.


Қала тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілген. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.