Ұшақ апатын тергеу қай елдің құзыретінде болатыны белгілі болды

1 471

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:  ТЖМҮкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу жұмыстары Қазақстан юрисдикциясында екенін және Бас прокурордың қатаң бақылауында болатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Барлық тергеу Қазақстан Республикасының юрисдикциясында болады. Әуе апаты Қазақстан Республикасында болды, барлық тергеу Бас Прокурордың қатаң бақылауында. Бұл туралы Мемлекет Басшысы тиісті тапсырмалар берді, — деді Қ. Бозымбаев Ақтау қаласында өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі — «Көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу, адамдардың өліміне әкелу» бабы бойынша жүргізілуде. Оқиға орнында тергеушілер, криминалистер және авиация саласының мамандары жұмыс істеп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, қажетті сараптамалар тағайындалуда.

Жедел-тергеу тобы тарапынан қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Біріншіден, оқиға орнын қорғау қамтамасыз етілді, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, — дейді Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.