ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ САЯБАҒЫНЫҢ ЕРТЕҢІНЕ АЛАҢДАУЛЫ
1 685
Қызылордадағы Тұңғыш Президент саябағының ертеңіне жергілікті тұрғындар алаңдаулы, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қалаға келген қонақтардың көз жанарына ілігетін, сәні мен салтанаты жарасым тапқан парк жанға сая болар таптырмас мекенге айналғалы 15 жыл уақыт өтіпті.
Күндізгі күйбелең тірліктен босап, отбасымен бірге кешкі Қызылорданың келбетін тамашалау үшін қызылордалықтар шаһардың шырайын келтіріп тұрған демалыс орнына барып, бой жазып қайтатындығы жасырын емес.
Аспалы шамдары, таза ауасы, жасыл бағы, хош иісті гүлдері бар парк қызылордалықтардың көңілін көтеруге қызмет жасап тұр. Десек те, біршама уақыт өтсе де, әлі күнге дейін шешімін тапқан әжетханасы мен бүгінгі кәсіпкерлердің ойын құрылғылары мен тәтті сусындардың қалдықтары шырайын қашырып отыр. Бұл туралы қала түрғыны:
Мамандардың айтуынша, демалыс орнын салуға 264 млн.теңге қаржы жұмсалған. 25 гектар жерді алып жатқан саябақта бұрындары 25 мың түп ағаш отырғызылған, қазіргі қарқын 40 мың түп ағашқа жетіп, саябақ жасыл желекке айналды. Отырғызылған ағаштардың дені қылқанжапырақты, жеміс ағаштары мен теректер,шырша. Ал, саябақтың сиқын бұзбай бірқалыпты күтіп ұстау үшін қалалық қаржының қарымтасында.
Алайда кеше кешкілік уақытта қала әкімдігі тарапынан шағын кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті-міс. Естеріңізге сала кетсек, қала әкімдігі шағын кәсіп иелерінен «Орталық алаңды» босатып, Тұңғыш Президент саябағына барып, орналасыуын талап еткен болатын. Бұл жөнінде біздің ақпарат агенттігі арнайы «ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР: ӘКІМДІК АЙТҚАН ЖЕРГЕ БАРЫП, АЙЫПТЫ БОЛДЫҚ» және де «Қызылордалық кәсіпкерлер саябақ жағалап сыймай жүр» атты мақаламыз жарық көрген болатын.
Елбасы паркінің сәнін кетірген жергілікті билікке наразылық білдіруші қала тұрғындары да жетерлік:
Елбасы паркі жанында жыл сайын ел үшін маңызды іс-шаралар өткізілуші еді. Соның нәтижесінде парк жанынан ардагерлер аллеясы да ашылған болатын. Ендігі бір өкініштісі қаптаған кәсіпкерлердің қарасынан қара халықты табу қиынға соғып отыр.
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябағы жайлы орта, жанға тыныс сыйлайтын өткен күнді ой елегінен өткізуге мүмкіндік беретін алаң бола бермек.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Әкімдік тарапынан ұйымдастырылуы тиіс жұмыстарды кәсіпкерлерден талап етуі қалай? Қанша тер төгіп, жасыл желекке айналдырған, ағаштарын күтіп баққан саябағымыздан айырылып қалмаймыз ба? Газондардың үстіне түрлі сусындардың қалдықтарын төгіп жатқанды да көріп жүрміз. Одан басқа да ластану жағдайлары өте көп. Егер осы қалыпта жалғаса берсе, екі-үш жылдың ішінде саябақ өз статусын, көрінісін жоғалтатын сияқты.»,- дейді Самал Мырзамұратқызы
Мамандардың айтуынша, демалыс орнын салуға 264 млн.теңге қаржы жұмсалған. 25 гектар жерді алып жатқан саябақта бұрындары 25 мың түп ағаш отырғызылған, қазіргі қарқын 40 мың түп ағашқа жетіп, саябақ жасыл желекке айналды. Отырғызылған ағаштардың дені қылқанжапырақты, жеміс ағаштары мен теректер,шырша. Ал, саябақтың сиқын бұзбай бірқалыпты күтіп ұстау үшін қалалық қаржының қарымтасында.
Алайда кеше кешкілік уақытта қала әкімдігі тарапынан шағын кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті-міс. Естеріңізге сала кетсек, қала әкімдігі шағын кәсіп иелерінен «Орталық алаңды» босатып, Тұңғыш Президент саябағына барып, орналасыуын талап еткен болатын. Бұл жөнінде біздің ақпарат агенттігі арнайы «ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР: ӘКІМДІК АЙТҚАН ЖЕРГЕ БАРЫП, АЙЫПТЫ БОЛДЫҚ» және де «Қызылордалық кәсіпкерлер саябақ жағалап сыймай жүр» атты мақаламыз жарық көрген болатын.
Елбасы паркінің сәнін кетірген жергілікті билікке наразылық білдіруші қала тұрғындары да жетерлік:
«Бұл саябақ қой, ойын-сауық паркі емес. Сол саябақ деген атқа лайықты болуы тиіс. Табиғат аясына демалуға барамыз десек, қалалық демалыс паркіне келгендей боламыз»,- десе енді бірі
«Былтыр күшті демалыс орны еді, биылғы жаз жын-ойнақ болды барудан қалдық. Себебі балаларымыз машина, батут деп бақырып жылап, не үшін барғанымызды ұмытып қаламыз. Соны әкімдік «Орталық алаң»нан неге көшірді?»,-дейді Назерке.